Қазақстан спорт менеджерлерін дайындайтын болады

АСТАНА. 13 Биылғы жылы Қазақтың спорт және туризм академиясында жаңа кафедралар ашылмақ.

Енді  спорт сүйер әрі спортқа бейімі бар мектеп түлектері үшін таңдау көбейді. «Аламан» агенттігінің жазуынша, білім ордасы бұған дейін еш  жерде оқытылмаған  спорт менеджерлері мен кәсіби оққағарларды дайындауды бастайды.

Академия ректоры Қайрат Закирьяновтың  айтуынша,  білім министрлігі бұл бастаманы мақұлдап, арнайы рұқсатын беріпті. «Өз жерінде ірі спорт шараларын ұйымдастырып жүрген мемлекетке спорт мамандары өте қажет. Сондықтан бұл бастаманы қолға алдық, студенттер 4 жыл бойы осы мамандық бойынша бакалавр дәрежесін алатын болады, - деді Закирьянов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе