Ұлттық мәдениетімізді зерттейтін жоғарғы оқу орнын ашу керек - өнертанушы Гүлзада Омарова

Қазақстанда ұлттық мәдениетті зерттейтін жоғарғы оқу орнын құру керек. Бұл туралы бүгін «Қазақ хандығының 550 жылдығы: Қазақстан мемлекеттілігінің проблемалары мен келешегі» конференциясыда баяндама жасаған Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының оқытушысы, доктор Гүлзада Омарова айтты. Өнертанушы қазақ халқының ұлттық өнері мен мәдениетінің қалыптасуы қазақ хандығының құрылған сәтімен тұспа-тұс келеді деген пікір білдірді.

«Біз Қазтуған, Ақтамберді, Доспамбет жыраулардың шығармашылығын зерттей отырып, олардың үлкен мемлекеттік лауазымда болғанын білеміз. Жыраулар ханның кеңесшісі қызметін атқарған. Өз өнерін олар музыкалық аспаптар: домбыра, қобызға сүйене отырып жеткізген. Осы кезден бастап, қазақтың ұлттық төл мәдениеті, сөз өнері қалыптасқанын айта аламыз. Мен өз баяндамамды бір жағынан тарихқа арнасам, бір жағынан ұлттық мәдениеттің тасымалдаушысы - музыкалық тілді сақтап қалу мәселелеріне арнадым. Жаһандану процесінің дендеп еніп, әлеуметтік мәдени кеңістікті өзгертіп жатқан заманында төл мәдениетті сақтап қалу - аса өзекті мәселе», - деді Г.Омарова.

Осыған байланысты Гүлзада Омарова Қазақстанда ұлттық мәдениетті зерттейтін арнайы ЖОО құру керектігін алға тартты.

«Болашақта ғасырлар қойнауынан келе жатқан төл музыкамызды сақтап, қабылдай алатын, кейінгіге жеткізе алатын ұрпақ қалыптастыруымыз керек», - деді өнертанушы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе