Ауыл – ел бесiгi: Қостанай облысында 153 білім нысаны жөнделеді

– Қостанай облысында бірнеше мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк мәлім етті, деп .

Биыл өңірде білім саласы нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге басымдық беріледі. Оларды қаржыландыру Жұмыспен қамту жол картасы, «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Үш мектеп салынып, 153 білім нысаны қалпына келтіріледі. Олардың 30-ы күрделі жөндеуден өтеді. Ең ірі жоба Қарасу ауданына тиісілі. Қарасу ауылында жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің құрылысы басталмақ. Ол 320 орындық апатты мектептің орнына салынады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісіп, 2020 жылы құрылысы басталатын білім нысандарының тізімін жасадық. Тізімге құны 9,2 млрд теңге болатын 35 инфрақұрылымдық жоба енгізілді. Оның ішінде 4,5 млрд теңге – ішкі қарыздар есебінен және 4,7 млрд теңге республикалық бюджет трансферттерінен алынады. 15 күрделі жөндеу нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Бағдарлама аясында 2300 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Бұған қоса жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 1156 жұмыссыз жасқа көмектесеміз», - деді басқарма басшысы. Облыстағы 11 мектеп ағымдағы жөндеуге алынады. Василий Цымбалюк уәде еткендей, бұл жұмыстар алдағы 3 айда аяқталады. Барлығы 554 млн теңге қарастырылған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе