НР компаниясы Орталық Азияданың жоғары оқу орындарындағы алғашқы өкілдігін ашты

АЛМАТЫ. 15 Кеше Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен НР (Hewlett-Packard) компаниясы заманауи ғылыми-оқу орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойды.Жоғары оқу орнындағы  ғылыми-оқу орталығы «НР технология институты» бағдарламасы аясында іске қосылып, НР бағдарламалық жүйелері мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба НР бизнесін нарықта дамыту (Growth Market Organization) ұйымының,  Орталық және Шығыс Еуропадағы НР басқармаларының қолдауына ие болып отыр.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - жаңа білім, идея мен технология түйісіп, дамып келе жатқан  ірі ғылыми-оқыту және инновациялық орталық. Орталықтың ашылуымен біздің студенттеріміз НР білім беру қорын қолдануға, НР зерттеулерімен танысып отыруға  мүмкіндік алып,  ал оқытушыларға НР АТ (Ақпараттық технологиялар) бағдарламасы бойынша Еуропаның жетекші оқу орындарымен тәжірибе алмасуға жол ашады.  Бұл университеттің, түлектеріміздің бәсекеге қабілеттігін арттыра түседі», - дейді университет ректоры Ғалым Мұтанов.  НР АТ бағдарламасы 2008 жылы ресейлік жоғары оқу орындарына жасалған болатын. Енді ҚазҰУ аталмыш бағдарламаға қосылған Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі  25 жоғары оқу орындарының бірі атанды.

 «НР компаниясы оқыту бағдарламаларын ұсынады, ол университет оқытушыларына бейімделген,  факультеттегі лекцияларға қосымша арнайы курс түрінде және зертханалық-өндірістік жұмыстар арқылы жасалынатын болады. Сондай-ақ, бұл бағдарламалар оқытушыларды сертификаттау арқылы оларды қайта даярлау, біліктілікті арттыруда да қолданылады» - деді Қазақстан мен Қырғызстандағы НР өкілдігінің директоры Ерлан Дүйсенбин.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе