Түркістан облысында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 39 түлек ЖОО-да тегін оқиды

Түркістан облысында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 39 мектеп бітіруші түлек жоғары оқу орындарына жолдама алды, деп облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы елдің болашағы білімді жастардың қолында екенін үнемі айтып келеді. Сондай-ақ, мемлекетіміз өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барынша жағдай жасауда. Міне, бүгінгі көрініс - соның айғағы. Барлығың білім сынағынан сүрінбей өтіп, жоғары оқу орнына жолдама алып отырсыңдар. Енді білімдеріңді шыңдап, болашақта өңіріміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосасыңдар деп сенемін. Ал, шектік деңгейден өтпеген 104 түлек қалаған мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ақысыз білім алу мүмкіндігіне ие болады. Осы ретте балаларымыздың ақысыз негізде оқуына демеушілік танытып отырған жоғары оқу орындарының басшыларына алғыс айтқым келеді», - деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты шарада.

2017-2018 оқу жылында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 197 бала 11-сыныпты бітірсе, оның 35-і - балалар үйінің түлектері. Оның 190-ы ҰБТ-ға қатысып, 86 оқушы шектік деңгейден өтсе, 7 түлек жұмыс істеуге ниет білдірген. Сынақтан сүрінбей өткен 3 оқушы еліміздің басқа өңірлерінде білім алуға шешім қабылдады. Тағы 44-і мемлекеттік тапсырыс арқылы, қалған 39 мектеп бітіруші облыс аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында білім алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе