«Болашақ» туралы тарихи сәттерге толы фильмнің трейлері шықты (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Болашақ» халықаралық президенттік стипендиясының 23 жылдығына орай «Халықаралық бағдарламалар орталығы» түсірген тарихи сәттерге толы деректі фильмнің трейлері шықты.«Болашақ» - Қазақстан тарихының алтын парағы» деп ат қойған деректі фильм стипендияның негізін қалаушы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрын жарияланбаған сөздерін, жалпы, «Болашақ» стипендиясының біз білмейтін кезеңдерін қамти отырып, бүгінгі жетістіктерін баяндаған.

«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы екенін білгендіктен, өткен жылдың соңында «Болашақ» бағдарламасының 23 жылдық тарихын қамтитын деректі фильм түсіруді ойға алдық. Деректі фильм түсірген кезде, «Болашақ» бағдарламасының іргетасын қалаған адамдармен сұхбаттастық. Олардың арасында - 1991-1994 жылдары Премьер-министр болған Сергей Терещенко, әр жылдары білім саласын басқарған Ережеп Мәмбетқалиев, Бірғаным Әйтімова, Қадиша Дайыровалар бар. Сондай-ақ, «Болашақ» стипендиясының алғашқы түлектерімен емен-жарқын әңгімелестік. Қазіргі министрі Қуандық Бишімбаев, әкім Бауыржан Байбек пен Алтай Көлгінов, Ғабидулла Әбдірахымовтар, Мағжан Әуезовтер осы бағдарламаның алғашқы түлектері»,тілшісімен әңгілемескен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Ғани Нығметов.

«Деректі фильм қандай тарихи эпизодтармен толықтырылды?» деген сұраққа жауап берген Ғани Нығметов трейлердегі мына бір сәтке назар аударды.

«Фильм қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түсірілді. Бұл жерде айта кететін жайт, «Болашақ» бағдарламасының тарихы туралы ағылшын тілінде толық ақпарат беретін дүние осы деректі фильм болады. Сұхбаттасқан тұлғалардың барлығымен үш тілде әңгімелестік. Еш жерде жарияланбаған, тарихи эпизодқа тоқталатын болсам, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 1997 жылы Хьюстон қаласына сапарлап барып, сол жақта (АҚШ-та) оқып жүрген «Болашақ» стипендиясының иегерлерімен кездескен екен. Естеріңізде болса, сол жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясын қабылдаған едік. Стратегия кітап болып басылып шыққан. Сонда Мемлекет басшысы студенттерге «Қазақстан-2030» стратегиясының кітап нұсқасын ұсына отырып, арасына конверт салып жіберіпті. Қараса, ішінде ақша бар. Н.Назарбаев «мен де студент болғамын, керектеріңе жарар» деп, студенттерге кітап тапсырғандай болып, азын-аулақ ақша тастап кеткен екен...»,-деді деректі фильмнің қысқаша мазмұнын баяндаған Ғ.Нығметов.

Ғ.Нығметов хабарлағандай, 3 шілде күні деректі фильмнің алдын ала көрсетілімі болады. Ал, 5,6 шілде күндері «Қазақстан» және «Хабар» арналары деректі фильмді қазақстандықтардың назарына ұсынады. Сондай-ақ, бірнеше шет елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі сол жақта оқып жүрген қазақ студенттері үшін деректі фильмнің көрсетілімін ұйымдастырмақ екен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе