Студенттер Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебін салуға көмектеседі

16 маусымда Петропавлда студенттік құрылыс жасақтарының жазғы маусымы басталды.М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекетттік университетінің және Петропавл колледждерінің 100 студенті химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің  құрылысына белсене қатысады.

2014 жылғы маусымның басталуымен студенттер жасақтарын облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко құттықтады. «Бүгін сіздердің өмірлеріңіздегі маңызды оқиға. Ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жас ұрпақты тәрбиелеуге, мектеп оқушыларына білім беруге зор көңіл бөліп келеді. Сіздердің қатысуларыңызбен Назарбаев зияткерлік мектебі салынып бітеді», - деді СҚО әкімінің орынбасары.

Жұмыс ауқымы үлкен. Мектеп 720 орынға, ал жатын корпусы 210 кереуетке есептелген. Құрылыс мерзімі тығыз - нысан жаңа оқу жылының басталуына пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс жұмыстарының қазір 75 пайызы орындалған. Бүгін студенттер осы білім мекемесін тұрғызуға өз үлестерін қосуға дайын екендігін айтты.

«Мен үшін біздің оқу орнында алған білім дағдыларымды қолданудың бірегей мүмкіндігі туып отыр, мен үлкен құрылыс компанияларының назарына іліккім келеді. Өзімнің болашағымды осы жерден бастағалы отырмын. Оның үстіне, менің демалыс кезінде ақша табуыма мүмкіндігім бар», - деді Петропавл құрылыс-экономика колледжінің студенті Сәбит Балғарин.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысына барлығы 250-ден астам жұмысшылар мен студенттер жұмылдырылатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе