ҚазАТУ Лондон Олимпиадасына қатысқан студенттерін марапаттады

АСТАНА. 1 Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.Іс-шара барысында Лондон Олимпиадасына қатысқан университет спортшыларына құрмет көрсетіліп, ноутбуктер сыйға тартылды. Олар - боксшы-жігіттер Данияр Елеусінов пен Ильяс Сүлейменов. И.Сүлейменов сатанатты жиынға келе алмады. Сондықтан университет басшысы барлық мақтауларды Д.Елеусіновке арнап, оның «сұлулығын» ерекше атап өтті. «Қыздарға айтарым, Лондонда журналистердің бәрі Даниярды ең әдемі боксер деп таныды. Сол естеріңізде болсын. Енді, спорт деген дұрыс қой. Бірақ оқуды ұмытпаңдар», - деген сөзбен А.Күрішбаев су жаңа ноутбукты Д.Елеусіновқа ұстатты.

Айта кетейік, биыл ҚазАТУ-дың бакалавриат бөліміне 2 456 түлек қабылданды. Мемлекеттік гранттардың саны  - 1 223. Аграрлық бағыттағы жоғары оқу орындары арасында бұл - ең жоғары көрсеткіш.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе