Алматыда қазақстандық философияның әлеуметтік жауапкершілігі талқылануда

АЛМАТЫ. 11 сәФилософтардың қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі ерекше. Бұл мәселе бүгін Алматыда өтіп жатқан  «Қазақстандық философияның әлеуметтік жауапкершілігі: Философия және саясаттану институтының жаңа мақсаттары» деп аталатын дөңгелек үстелде талқылануда.«Ғылым күніне арналған бұл шараны  Философия және саясаттану  институты ұйымдастырған болатын. Мақсат - қазақ философтарының қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің маңызын көрсету. Сондай-ақ  институттың бүгінгі таңда қандай бағытта жұмыс істеп жатқанынан жұртты хабардар ету. Жалпы ғалымның қоғам алдындағы жауапкершілігі әр адамның өз арының алдындағы жауапкершілігімен өлшенеді», - дейді институттың дінтану бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Сатершинов. Оның айтуынша, алқалы жиында әртүрлі мәселелер талқыланып жатыр. Оның ішінде - XXI ғасырдағы қазақстандық философияның мақсаттары, Қазақстандағы фарабитануды дамыту, қазақ руханиятын зерттеу мақсаттары мен бағыттары, дінтану саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді өзектендіру, қазіргі таңдағы саясаттану мәселелерін шешудегі дәстүрлер мен инновациялардың арақатынасы сияқты тақырыптар бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе