Қарағанды облысының дінтанушылары біліктілігін арттырды

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Дәстүрлі исламның негізгі қағидаттарын және оның деструктивтік ағымдар идеологиясынан айырмашылығын түсіндіру» тақырыбында облыстық семинар болып өтті, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.Аталған шараға жалпы білім беретін, орташа-арнайы және жоғары білім мекемелерінің  дінтанушылары, тарихшылары, әлеуметтанушылары қатысты. Шараның мақсаты - мамандардың біліктілігін арттыру.

Семинарда алдын алу жұмысын жетілдіру, дін атын жамылған бүлдіргіш ағымдарға қарсы әрекет ететін барлық қоғамдық сегменттердің қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды. Қатысушылар діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу әдістерін талқыға салды. Қоғамда, ең алдымен - жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алу іс-қимылдарын күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Семинарды ҚарМТУ, облыстық білім және діни істер басқармалары ұйымдастырды. Модератор болған - «Нұрлы білім» ҚБ-нің төрағасы Рүстем Сыздықов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе