Батыс Қазақстанда 239 түлек «Алтын белгіден» үміткер

ОРАЛ. 24 Биылғы оқу жылында 6093 батысқазақстандық жеткіншек (өткен жылы - 6638 түлек) мектеп бітіреді. Олардың 4573-і, яғни 75 пайызы ҰБТ-ға қатыспақшы.Облыстық білім басқармасынан алын­ған мәліметке қарағанда, түлектердің 239-ы - «Алтын белгіден» үміткер. Бұл өткен жыл­ғыдан әлдеқайда көп. Ал ерекше аттестат алуға талпынып отыр­ғандардың саны - 116. Әсіресе, Орал қаласы, Ақжайық, Теректі аудандарының түлектері білім бәйгесінде топ жаруға ниет танытуда.

ҰБТ сынағы өңірде 2 және 4 маусым күндері 9 тестілеу орталығында өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе