Білім министрі колледждерді сенімгерлікке беруді кеңейту үшін не қажет екенін айтты

Колледждерді сенімгерлікке берудің ауқымын кеңейту үшін кәсіпорындар мен мекемелерді ынталандыру компонентін анықтау қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп тілшісі.

"Сенімгерлікке берудің ауқымын кеңейту үшін кәсіпорындар мен мекемелерді ынталандыру компонентін анықтауды ұсынамыз. Сенімгерлік басқаруға экономиканың әр салаларындағы 150-ден астам өндіріс лидерлері, техникалық, технологиялық бағыттағы жоғары оқу орындары, үздік колледждер қатысуға ынта білдіріп отыр. Бұл оқу жоспарларын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіруге, жаңа технологиялар негізінде жабдықталған өндірісте студенттердің практикасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қай заманда да ынтымақтастық, серіктестік бірлік пен берекеге апаратын жол екені бәрімізге белгілі", - деді ол.

Министр сенімгерлік басқарудың ынталандыру компонентінің мөлшерін 19,8 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде анықтауды ұсынды. Осы ретте кадр даярлау күрделілігіне байланысты қосымша коэффицент қарастырылатынын айтты.

"Бүгінде Павлодар, Алматы облыстарында 5 колледжді кәсіпорындар сенімгерлік басқаруға алған. Солардың ішінде «Агродаму» ЖШС тәжірибесін атап өтуге болады.  Өздеріңізге белгілі APEC PETROTECHNIC колледжі Атырау облысындағы мұнай-газ саласындағы 2 колледжді сенімгерлік басқаруға алуға ниет білдіріп отыр. Бұл оқу орны NCER, OPITO, IIW, Кембридж университетінің халықаралық стандарттарымен жұмыс істейді", - деді министр.

К.Шәмшидинованың айтуынша, Теңізшевройл, "СCC", "Аджип", FIRCROFT, Halliburton  сияқты компаниялар аталған колледжге үлкен сенім білдіріп, өз оқу орталықтарын жапты. Осы колледжге өз қызметкерлерін біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жіберіп отырады. APEC PETROTECHNIC өзіне сенімді басқаруға алған оқу орындарына мұнай-газ саласындағы оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес үздік тәжірибесін енгізуді қамтамасыз етеді.

"Сонымен қатар сенімгерлікке беру «Университет-колледж-өнеркәсіп» сияқты үш жақты ынтымақтастықты қалыптастырады. Бұл өз кезегінде үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға, ресурстарды шоғырландыруға мүмкіндік береді", - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе