Мәжіліс қабырғасында Мұқағали Мақатаевтың жырлары оқылды

АСТАНА. 30 Алматы қаласының Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының 22 оқушысы мен екі ұстазы Парламент үйіне келді.Олар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Нұртай Сабильяновтың арнайы шақыруымен Астананы көруге келген болатын.

Парламент қабырғасында өткен кездесуде Мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов пен Гүлмира Исимбаева Парламенттің құрылымы, Мәжілістің заң шығару қызметі жайлы айтып берді. Сұхбат барысында ғаламтор, телеарналардағы жарнама туралы, шылым шегу мен басқа да зиянды әрекеттерден алыс жүру туралы әңгімелер қозғалды. Кездесуде парламентшілер жас шәкірттерге жақсы білім алу, салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі ақыл-кеңестерін берді.

Еңселі Елордамыз туралы әңгіме өрбіген кезде депутат Нұртай Сабильянов әлемнің көрікті қалаларының бірі - Астананы Сарыарқаға көшірудегі және Есіл бойында заманауи сәулетті шаһардың бой көтеруіндегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өтті. Депутат Астананың көркеюі барлық өңірлерімізге үлкен серпіліс бергенін тілге тиек етті.

Алматылық шәкірттер Парламенттің бірлескен отырыс залын және Мәжілістің жалпы отырыс залын аралап көріп, фотосуреттерге түсті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе