Қазақстандағы ірі этностардың тарихы зерделенген монография жарық көрді

Бүгін елордада «Қазақстан Республикасындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарының тарихы, соның ішінде Қазақстан этностарының тарихы» ғылыми жобасының таныстырылымы өтті, деп .«Бұл жұмыстың нәтижесінде бізде бірнеше аяқталған монографиялық еңбекке қол жеткіздік деуімізге болады. Оның ішіндегі негізгі жұмыс Қазақстан Республикасындағы этносаралық қарым-қатынастарды зерделеу әдістемесіне арналып отыр. Жалпы 17 кітап шықты. Олардың қатарында «Қазақстандағы ислам пен православие дінінің қарым-қатынасы» және Қазақстандағы оннан астам этностық топтардың тарихына арналан арнайы жеке-жеке кітаптар дайындалды. Оның ішінде орыстар, немістер, кәрістер, поляктар, дүнгендер, өзбектер, қырғыздар бар», - деді жоба жетекшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы Айгүл Сәдуақасова.

Қазақстандағы этносаралық, конфесссияаралық қатынастар тарихын, еліміздің аса ірі этностарының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеуді мақсат еткен жобаны ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырған. Оны іске асыруға ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, сарапшылар қатысты. Олардың ішінде әлеуметтану, тарих, философия және саясаттану ғылымдарының 8 докторы, 9 кандидат және 5 магистрі болды.

Жоба аясында Қазақстанның өңірлерінде әлеуметтік, этнологиялық, далалық зерттеулер жүргізіліп, еліміздегі аса ірі этностардың тарихына қатысты қазақ және орыс тілдерінде монография жарық көрді. Осылайша, алғаш рет орыстар, қырғыздар, немістер, поляктар, кәрістер, өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер, татарлар, беларусьтар, шешендер мен ингуштар жайында тарихи-этнографиялық мәліметтер жүйеленді, дәстүрлер, салт, дін сонымен қатар ірі этнос өкілдерінің ғылым мен білім, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері бойынша материал жинақталды.

Зерттеу қорытындысы бойынша жинақталған материалдарды мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, білім беру және тәрбие ұйымдарының жұмысында қолдану бойынша ұсыныс әзірленді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе