Оралда халықаралық жас ғалымдар форумы өткізілді

ОРАЛ. 26 М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдығына орай 24-25 мамыр күндері «Ғылым мен білім: даму тетіктері» атты халықаралық жас ғалымдар форумы өткізілді. Халықаралық форумға еліміздің батыс өңіріндегі жоғары оқу орындарының жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, Қырғызстан, Қалмақ Республикасы, Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас аймақтары: Астрахань, Орынбор, Саратов, Самара, Волгоград, Уфа, Элиста қалаларынан келген жас ғалымдар қатысты.

Форумның мақсаты - білім және ғылымды дамытудың жаңа бағыттарын іздеу, жас ғалымдарға қолдау көрсету, халықаралық ғылыми әріптестікті нығайту

Форумда Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік, Қазақстандағы РhD докторантура және оны жетілдіру жолдары мен жаһандану жағдайындағы инновацияның рөлі сынды бірқатар мәселелер талқыланды.

Жас ғалымдардың халықаралық форумында Қазақстан мен Ресей арасындағы қос дипломдық білім беру бағдарламасын бакалавриат және магистратурада пайдалану, кітапхана және мұрағат қорларында еркін жұмыстануға мүмкіндік беру, жас ғалымдардың шекаралас аймақтарда консорциумын құру, оларға мүше тараптардың екі жылда бір рет кездесуі жөніндегі мәмілелерге қол қойылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе