Алматы облысында акция барысында 300 жетім баланы білім алуы үшін мемлекеттік жинақтау салымдарымен қамтымақ

Алматы облысында «Бақытты балалық шақ» жобасының аясында жүзеге асырылатын «Болашаққа үлес қосамыз!» республикалық акциясы басталды.«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өткізіп жатқан қайырымдылық акциясы шеңберінде  жыл соңына дейін 300 жетім баланы болашақта білім алуы үшін мемлекеттік жинақтау салымдарымен қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні осындай 67 есепшот ашылған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шараның ашылу салтанатына қатысқан «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Мұқанов бұл ауқымды жобаның жүзеге асырылуы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың қоғамға сіңісіп, білімді, белсенді азаматы болуларына зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Осы кездесуде ата-ананың жылуын сезінбей өсіп келе жатқан және жетім 12 балаға жинақтау есепшоттарының сертификаты табысталды. Балалардың депозиттері ай сайын 18 жасқа толғандарынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, депутаттар, бизнесмендер қатарынан тілек білдіргендер тарапынан толықтырылып отырылатын болады. Қаржы құюшылардың айтуынша, бұл жинақ болашақта олардың білімін одан әрі жетілдірулеріне бағытталмақ.

Жалпы Алматы облысында қазіргі кезде қорғаншылық пен қамқорлықта 3 мыңдай бала, патронаттық тәрбие алып жатқан 56 бала, түрлі интернаттар мен білім мекемелерінде тәрбиеленуші 800-ден астам бала бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе