«Жас сарапшы-2012» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

АСТАНА. 29 Бүгін Астана қаласында  қазақстандық жоғары оқу орындарының экономика мамандықтары бойынша 3-4 курс студенттерінің арасында өткізілген «Жас сарапшы-2012» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі  өткізілді.Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспас өз қызметі хабарлады.

Байқау жеңімпаздары: 1 орын - Ұлжан Маратқызы (ҚБТУ), 2 орын - Талшын Тоқыжанова  (ҚБТУ) мен Айжан Мұқышбаева (ҚБТУ), 3 орын - Дана Байғазинова (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ), Лейла Әбішева (ҚБТУ), Анаргүл Қабиева (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).

Байқау мақсаты - студенттердің ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету, ҚР жоғары оқу орындарының дайындық деңгейін арттыру. Байқауды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өткізді.

Байқау қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. «Жас сарапшы-2012» байқауы қазан айында басталды. Қатысушылар байқау ұйымдастырушыларына өздері туралы ақпарат және  «Қазақстан Республикасының ұлттық қоры: қаражатты тиімді қолдану саясаты»; «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: кемшіліктері мен оларды жою жолдары»; «Қазақстанда халықтық IPO болашағы: оң және теріс жақтары»; «Қазақстанның орта және шағын бизнесінің Бірыңғай экономикалық кеңістікте бәсекеге қабілеттілігі: шаруашылық жағдайларын салыстыру» деген экономикалық тақырыптар бойынша эссе жолдады.Оған еліміздің 40 университетінен 234 студент қатысты. Алғашқы іріктеу кезеңінің нәтижесінде екінші кезеңге 31 қатысушы өтті.

Екінші кезеңде қатысушылар «Қазақстанның бүгінгі экономикасындағы даму институттарының рөлі», «Қазақстан Үкіметінің дағдарысқа қарсы саясаты», «Машина жасау саласының дамуы», «Еуропа одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі интеграциялық үрдістерді салыстыру»і тақырыптары бойынша кейс тапсырмаларын орындады:

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша 11 студент Астана қаласында өткізілген сұхбаттасуға қатысты. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ мамандары, «Болашақ» Қауымдастығы мүшелері, Назарбаев университетінің өкілдері енген байқау комиссиясы өткен сұхбаттасудың нәтижесінде байқаудың алты жүлдегерін анықтады. 

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Оның ішінде, 1 орын үшін - Ipad 3, екінші орын үшін Samsung Galaxy Tab 2, үшінші орын үшін - M-Book мобильді кітапханасы. Байқаудың соңғы кезеңінің қатысушыларына «Меломан» дүкендері жүйесінен кітап сатып алуға арналған сыйлық сертификаттары берілді. Сонымен қатар, студенттер экономика саласындағы компанияларда тәжірибе алу мүмкіншілігіне ие болды.

Ұйымдастырушылар «Жас сарапшы» байқауын келесі жылы үш мамандық бойынша өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараға байқау жеңімпаздары, «Болашақ» қауымдастығы мен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе