ҚР БҒМ-да Қазақстан тарихын оқыту сағаттарын көбейту мәселесі шешілуде

АСТАНА. 14 Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқу құралдары мен әдебиеттерін талдау жөніндегі жұмыс тобы құрылған.Бұл туралы білім ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс тобының құрамына танымал тарихшы ғалымдар, жетекші жоғары оқу орындарының ұстаздары, әдіскерлер, мектеп мұғалімдері және қоғам қайраткерлері кірді.

«Жұмыс тобының қорытындысына сәйкес, Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарлары, оқу әдебиеттері мен оқулықтарының мазмұны қайта қарастырылып, олардың негізінде бірыңғай жүйеге сәйкес жаңа оқулықтар әзірленетін болады. Сондай-ақ, аталмыш пәнді оқытуға қарастырылған сағат сандарын көбейту мәселесі қамтылған», - деп атап өтілген баспасөз қызметінің хабарында.

Сағат сандарын көбейту мәселесі бойынша түпкілікті шешім ҚР БҒМ кезекті алқа жиынында қабылданатын болады, деп атап өтті ведомствода.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе