«Жас ұлан» мектебіне талапкерлерді қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілді

Дәл қазіргі сәт - «Жас ұлан» республикалық мектебінің қабылдау комиссиясының жұмысы қызған шақ. Әскери мектеп 80 талапкерді оқуға қабылдауға дайын. Осы уақытқа дейін 7-сыныпты бітірген балалар қабылданып келсе, енді жаңа ережеге сәйкес «Жас ұлан» мектебіне жалпы білім беру мектептерінің 9-сыныбын бітіріп, негізгі орта білім туралы куәлік алған жастар түсе алады.Осылайша мектеп тәрбиеленушілерінің құрамын жақсарту жоспарлануда. «9-сыныпты бітірген жасөспірім өз бетінше таңдау жасайды, саналы түрде өз өмірін әскери қызметші кәсібімен байланыстырғысы келген жастар әскери мектепке түседі», делінген ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің түсіндірмесінде.

Қазір Қазақстанның түрлі өңірлерінен Астанаға ата-аналарымен келген балалар кәсіби-психологиялық іріктеуден өтуде. Психологиялық тестілеуден соң олар дене даярлығы мен медициналық куәландырудан сәтті өтуі қажет. Бұл соңғы қорытынды іріктеуден өтуге мүмкіндік береді. Үш кезеңнің нәтижелері мен негізгі орта білімі туралы куәліктің орташа ұпайына сәйкес қабылдау комиссиясы оқуға қабылдау туралы шешім шығарады.

Сонымен бірге қабылдау комиссиясы балалардың ата-аналарымен режимге, оқу үдерісі және оқыту бағдарламасына, әскери мектептегі оқудан кейінгі мүмкіндіктері мен келешегіне қатысты жұмыстар жүргізеді.

«Жас ұлан» республикалық мектебі - мемлекеттік тілді және шет тілдерін, әскери тәртіпті тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беру бағдарламасы бойынша, сондай-ақ күшейтілген дене даярлығын іске асыратын әскери оқу орны екенін атап өткен жөн.

Бұл мектептен ол құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 13 лек ұландықтар түлеп ұшты. Бүгінгі күні олардың барлығы Құрлық әскерлерінің әскери институтында, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында білім алуда. Сондай-ақ ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғарғы оқу орындарының және Ресей, Беларусь, Қытай, Украина, Түркия және Германия елдерінің Қорғаныс министрліктеріндегі жоғарғы әскери оқу орындарының курсанттары болып табылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе