«Абай әлемі» фестивалінің бас жүлдесі павлодарлық студентке бұйырды

ПАВЛОДАР. 4   - Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы  мемлекеттік университетінің студенті Айдын Әбдіжүсіпов АлматыдағыАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен жастар шығармашылығының «Абай әлемі» ІІ фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

ЖОО-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жетекші 23 жоғары оқу орнының 70-тен астам студенті Абай шығармашылығын білу, оларды мәнерлеп орындаудан жарысты. Әсіресе байқаудың музыкалық бөліміндегі іріктеу қатаң болды.

«Абайдың әндері» фестивалінің бас жүлдесі павлодарлық студент Айдынның республикалық және облыстық музыкалық байқаулардағы үшінші бас жүлдесі болып табылады.

Павлодар мемлекеттік университетіндегі журналистика факультетінің студенті Елена Гаркава бұл фестивальда «Абайдың қара сөздері» аталымы бойынша А.Байтұрсынов атындағы көтермелеу сыйлығын алды. Өткен жылдың желтоқсан айында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау күндері Елена ҚР Президенті мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан қазақстандықтар үшін жариялаған А.Байтұрсынов сыйлығын алған еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе