ОҚО оқушылары қайырымдылық шарасын ұйымдастырды - ВИДЕО

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бір күнде 750 мың теңге жинады. Мұншама мол қаржы оқушылар ұйымдастырған қайырымдылық акциясы аясында жиналды.Білім ұясының шәкірттері өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрмеге қойып, аукцион арқылы сатты. Айта кетейік, бұл акцияға мектеп оқушыларының ата-аналары белсене қатысып, мұнда жасалған дүниелерді сатып алып жатты.

Қайырымдылық акциясы Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Жақсылық жаса!» айдарымен өтті.

Концерттік бағдарламамен басталған шара білім беру ұйымы оқушыларының қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесіне ұласты. Осы орайда айта кетейік, Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде шәкірттерді қолөнерге баулитын бірнеше үйірме жұмыс жасайды. Онда балалар құмыра жасаудың құпиясы мен тігін тігіп, ісмерлік іске үйренеді.

Қайырымдылық шара аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеге осы үйірмелерде жасалған бұйымдар шығарылды. Оған қоса шебер шәкірттердің қолынан шыққан бірнеше бұйым арнайы бәссаудаға қойылды.

Екі сағатқа созылған қайырымдылық акциясынан 750 мың теңгеге жуық қаржы жиналды. Бұл қаражат асыраушыснан айырылып, үй-күйсіз қалған Балагүл Толыбаеваның отбасындағы үш бүлдіршінге және ауыр дертке душар болған жеті жастағы Даниил Силаевке көмек ретінде берілетін болады, деп жазады toqtama.kz.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе