Павлодарлық бишілер Испаниядағы «Жерорта теңізінің аңызы» халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды

Павлодар Мектеп оқушылары сарайының «Блэйз» эстрадалық би студиясының ұжымы Испаниядан табысты оралды. Бишілер «Жерорта теңізінің аңызы» халықаралық фестивалінінде жеңімпаз атанып, үш бірдей бірінші орынға ие болды.«Блэйз» МІХТА аралас санаттағы эстрадалық би аталымына қатысты, - деді студия жетекшісі Любовь Корнюхина. - Ересек топ стильді халықтық және эстрадалық би аталымында сайысқа түсті. Біз еуропалық көрермендерге бірнеше би композициясын ұсындық. Орта және кіші топтар ұжымы бір-бірден билер ұсынды. Ең үлкен конкурсқа біздің 30 адамнан тұратын барлық топ түгел қатысты».

Фестиваль-конкурс өзінің ауқымы мен бағдарламасының көптігімен бірегей. Ол бір мезгілде Испаниядағы Барселона-Коста Брава,  Франциядағы Канны - Ницца, Монако княздігіндегі Монако және Италиядағы Сан-Ремо қалаларында өтті.

«Блэиз» студиясы Мектеп оқушылары сарайында 24 жылдан бері Л.Корнюхинаның авторлық бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Оған 5-тен 17 жасқа дейінгі балалар қатысады. Павлодарлық бишілердің табыстарына Испанияда, Австрияда, Болгарияда, Италияда, Ресейде өткен халықаралық фестивальдарда алған наградалар коллекциялары дәлел. Биылғы жылы ұжым республикалық Дельфий ойындарында алтын медальді жеңіп алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе