Бавариядағы ҚР Құрметті консулы Өскеменде бірлесіп іске асырылатын жобаларды талқылады

ӨСКЕМЕН. 24 сәӨскеменде өткен кездесуде қала әкімі Серік Тәукебаев пен Бавария және Тюрингиядағы ҚР Құрметті консулы Райнхольд Креммель энергияны сақтау технологиясы бойынша ғимараттың құрылысы мен дуальді кәсіби даярлық орталығын ашу мәселесін талқылады.«Менің міндетім белгіленген және ерекше. Мен өзімді осы өңірмен ерекше байланысты екенімді сеземін. Осы жерде біз ынтымақтастық үшін құрылыс және білім саласында екі жобаны ұсынуды көздеп отырмыз. Менің ойымша, бұл жобалар екі тарап үшін де пайдалы болмақ әрі Қазақстанның басқа да облыстарына үлгі болатынына сенімдімін»,-деді кездесу барысында Райнхольд Креммель.

Бірінші бағытта Өскеменде энергияны сақтау технологиясы бойынша Шығыс Қазақстан техникалық университетінің әкімшілік ғимараты салынатын болады. Осы мақсаттарда Мюнхем университеті мен отандық жоғары оқу орнының арасында арнайы меморандум жасалды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау басталды.

Екінші бағыт  - дуальді кәсіби даярлық. «Бізде шағын және орта бизнес кәсіпорындары кадрларды дайындауда маңызды рөл атқарады. Оқу үдерісі бойынша теория 40 пайыз, тәжірибе 60 пайызға негізделген. Жалпы алғанда Шығыс Қазақстанның құрылыс индустриясындағы дуальді кәсіби даярлық бавариялық құрылыс өнеркәсібінің одағымен ұйымдастырылып отыр», - деді құрметті консул.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Мәдениет Ахметованың сөзіне қарағанда, ШҚО-да кәсіби білім беретін 18 мекеме бар, олардың 5-і Өскемен қаласында орналасқан.

Райнхольд Креммель қалалық әкімдікте өткен кездесуде атап өткендей, Бұқтарма цемент компаниясының басшылары кадрларды дайындауда осындай жүйеге мүдделік танытты.

 Айта кетейік, Шығыс Қазақстан әкімдігі мен Бавария әкімшілігінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі коммюнике 2011 жылдың қыркүйек айында қабылданған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе