Ғылымға негізделген экономикаға көшу Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді

Бүгін Астанада «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Ғылыми зерттеулердің тиімділігін құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру шаралары және олардың нәтижелерін еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғырту үдерістеріне енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мен Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы бірлесе өткізді.Бағдарлама аясында қатысушылар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми-зерттеу орталығында болып, ДЦ-60 жеделдеткіш кешенінің (циклотрон), ғылыми-зерттеу зертханасының жұмысымен және жоғары оқу орны ғалымдары мен студенттерінің инновациялық жаңалықтарымен танысты. Отырыс алдында ғылыми-техникалық көрме ашылып, онда отандық ғылымның жетістіктері, ғалымдардың жаңа технологиялық жобалары, сондай-ақ өндірістік ортаға инновация енгізудің іс жүзіндегі нәтижелері көрсетілді.

Ал жиынның ашылуында Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Нұртай Әбіқаев қатысушыларға арнап сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойылған міндеттер аясында ұлт ғылымын дамытудың маңыздылығын айтып өтті.

Бұдан бөлек, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту, ғылымға негізделген экономикаға көшу орнықты экономикалық дамуға және Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

«Осыған байланысты Жолдауда ғылымды дамытуға, оның ішінде саланы қаржыландыруды ІЖӨ-нің қазіргі 0,28 пайызынан 3 пайызға дейін көтеру арқылы ерекше көңіл бөлініп отыр. Жалпы, ғылым мен инновациялық қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігі тұрғысында құқықтық жаңалықтар ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сапасын күшейтуге, әсіресе, басымдыққа ие «жасыл экономиканы» дамытуға бағытталуы тиіс», - деді комитет төрағасы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе