Түркістан облысында мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға онлайн дайындалады

Түркістан облысында мектеп бітіруші түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуге онлайн дайындалады. деп өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектері ұлттық бырыңғай тестілеу сынағына үйден шықпай онлайн режимде дайындалады. Қазіргі таңда осыған байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Ontustik» телеарнасы және адами әлеуетті дамыту басқармасы бірлесе қолға алған жаңа жоба 6 сәуірден бастап іске қосылатын болады. Онлайн сабақта өңірдің ең үздік ұстаздары дәріс оқиды. Әр сабақтың ұзақтығы - 20-30 минут. Осы уақыт аралығында онлайн оқу бағдарламасына сәйкес ұстаздар 2-3 тапсырманы түсіндіріп өтеді. Күн сайын екі пән бойынша дәріс беріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, онлайн сабақтар 11-сыныптың оқу бағдарламасына негізделген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе