Сенаторлар батысқазақстандық оқытушы-студенттермен кездесті

ОРАЛ. 2 Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында 1 маусым күні М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ұжымы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғарифолла Есім, Ерболат Мұқаев және Сәрсенбай Еңсегеновпен кездесті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.Кездесу барысында Ерболат Мұқаев жиналғандарды ең алдымен Сенат депутаттарының өңірге келу мақсатымен таныстырды. Осы жолы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына қатысып, өзінің сенаттағы жұмысына есеп бергенін жеткізген ол бұл жөніндегі деректерді жаңа шыққан кітабынан оқуға болатынын айтты.

Бұдан кейін ғалым-академик Ғарифолла Есім «Қазіргі заман және қазақ елі» атты тақырыпта баяндама жасады. Өз ойын қазақ елінің кешегісі мен бүгінін салыстыра отырып жеткізген академик жастарға Елбасының жаңашылдығын үлгі етті. Ол сондай-ақ жаңарған қазақ елінің даму барысына терең талдау жасап, еліміздің жарқын болашағына сенетінін айтты.

Сенатор сөзін жалғастырған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жастарды жаңа заманға сай әрекет етуге шақырды.

Жиын соңында БҚМУ-дың ректоры Асхат Иманғалиев уақыттарын бөліп, ұжыммен кездесуге келген қонақтарға алғыс айтып,  ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес академик Ғарифолла Есімге «М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры» атағы берілгенін хабарлады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе