Елорда тарихына қатысты жаңа кітап таныстырылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлттық тарихшылар конгресінің хатшысы, тарих ғылымының докторы, Еуразия Ұлттық универсиетінің профессоры Зиябек Қабылдиновтың «Астана: өткені және бүгіні» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.Кітапта Астананың ежелгі тарихынан бүгініне дейінгі тарихи оқиғалар қамтылған. Кітап «ЭКСПО-2017» көрмесі мен астанамыздың Алматыдан Ақмолаға (Астанаға) көшкеніне 20 жыл толуына орай шығып отыр.

Аталмыш еңбекте көптеген архивтік және жазба материалдармен қоса фольклорлық шығармалар да қолданылған. Автор бұл жұмысты жазу үшін М. Абсеметов, Н. Ағыбаев, Г.Алпысбаева, К. Амирова, Б. Досанова, А. Какен, М. Құсайынов, Ж.Қасымбаев, А. Смайыл, Д. Шахманов сынды өлкетанушы ғалымдардың еңбектеріне сүйенген. Кітап Астананың өткені мен бүгіні қызықтыратын барша оқырмандарға арналған.

«Астана: өткені және бүгіні» кітабының авторы Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы 1965 жылғы 13 желтоқсанда Ресейдің Омбы облысы, Таврический облысындағы Байдалин (Байтұяқ) ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Омбы мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітіріп, «Қазақ тілі» қоғамының Обмыдағы бөліміндегі «Омбы үні» газетінде қызмет еткен.

1997 жылы кандидаттық, ал, 2003 жылы Ресей империясы территориясындағы қазақ халқын қалыптастыру проблемалары тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған. 500-ге жуық ғылыми еңбектер мен публицистикалық мақалалардың және бірнеше оқу құралдары мен үш монографияның авторы.

2004-2017 жылдар аралығында 30-дан астам отандық және шет елдік ғылыми жобаларға қатысқан. 2007 жылғы қорытынды бойынша «Қазақстан ЖОО-ның үздік оқытушысы» және Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

Зиябек Қабылдинов ғалым ретінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, дін, көші-қон және қауіпсіздік, тілдік саясат, ұлттық идея, ұларалық қарым-қатынас, Қазақстан тарихы сынды тақырыптарда зерттеулер жүргізіп, қалам тербеген. Ал, ғалымның «Астана: өткені және бүгіні» кітабы соңғы жазған еңбегі және ұзақ жылдық ізденіс пен еңбектің жемісі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе