С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің студенттері Дариға Назарбаевамен ҚР Президентінің дәрісін талқылады

ӨСКЕМЕН. 18 Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттердің ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Дариға Назарбаевамен кездесуі болып өтті.Кездесуде ҚР Президентінің Назарбаев университетінің студенттері алдында «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбындағы дәрісінің тұрғысынан республикадағы ғылымның жағдайы мен оны дамыту болашағы туралы келелі әңгіме болды.

Студенттер, магистранттар және жас ғалымдар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Кездесудің соңында жас ғалымдар университеттің атынан Д.Назарбаеваға К.Байсейітова, Ф.Шаляпин, П,Чайковскийдің және орыс романстарының раритет топтамасының альбомын сыйлады. Жауап ретінде қонақ университетке сөздіктер кітапханасын сыйлап, жоғарғы оқу орнына табыстар тіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе