Жолдауды жаңаша үлгіде насихаттау жұмысы басталды

АСТАНА. 9 ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитеті мен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауын жаңаша үлгіде насихаттауға кірісті.Мәселен, бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бір мыңға жуық студент-жастарының қатысуымен салтанатты жиын ұйымдастырылды. Онда Президенттің  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты биылғы Жолдауы жүктеген негізгі міндеттер, оның ішінде білім-ғылым саласын дамытудың басты бағыттары туралы кеңінен айтылды.

Ал ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің орталық оркестрі мен ән-би ансамблі арнайы концерт қойып, жастарды ел үшін отаншылдық рухта, адалдық пен әділдік қағидаттары бойынша қызмет етуге үндеді.

«Бүгін біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жан-жақты насихаттау жұмысын бастап отырмыз. Еуразия Ұлттық университетінде басталып отырған бұл ақпараттық-насихат тобының жұмысы барлық республикаға таралатын болады», - деп атап көрсетті ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы Мұхаметқали Сатов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе