2013 жылдың бірінші қыркүйегінен 1-ші сыныптарға ағылшын тілін оқыту енгізіледі - Білім министрі

АСТАНА. 31  Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың пайымдауынша, көп тілді оқытуды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу керек.Бұл жайында ол бүгін Үкімет басшысы С.Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан аталған ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

«Қазақ тілі - ұлтымыздың рухы, рухани байлығы. Тіліміздің дамуы, оның қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Оқушылардың 60 пайыздан астамы қазақ тілінде білім алады. Мұндағы басты мақсат - барлық түлектердің қазақ тілін жақсы меңгеріп шығуы»,- деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, биылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-ші сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту енгізіледі. «2012 жылы жоғары оқу орындарында тиісті пән педагогтері мен мамандарын даярлау басталды. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында білім берудің барлық деңгейлерінде көп тілді оқытуды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу қажет деп санаймын»,-деді Б. Жұмағұлов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе