Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің саны 56,3 пайызды құрады

АСТАНА. 24 Қазақстан Республикасында 2012/2013 оқу жылының басына 139 жоғары оқу орны жұмыс істеді, ондағы студенттердің жалпы саны 571 691 адамды құрады. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, ЖОО-ның жалпы санынан 53-і мемлекеттік болып табылады, оларда 280422 адам оқиды немесе барлық ЖОО түрлерінде оқитындардың 49%. Студенттердің жалпы санынан  қыздар 57,8%, жігіттер 42,2%-ды құрайды.Мемлекеттік білім гранттарының есебінен 131 919 адам немесе студенттердің жалпы санынан 23,1%-ды құрайды, мемлекеттік білім тапсырысының есебінен 12 390 адам немесе 2,2%, ақылы негізде - 427 382 адам немесе 74,8% білім алады.

Студенттердің жалпы санынан 362 551 адам немесе 63,4% оқытудың күндізгі түрі бойынша оқиды, 195 520 адам немесе 34,2% - сырттай, 13 620 немесе 3,8% - кешкі түрі бойынша оқиды.

 Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің саны 322 042 адамды құрады немесе 56,3%. ЖОО-да оқыту қазақ тілінде оқытумен қатар орыс 41,7% және 1,9% ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

2012/2013 оқу жылының басына республиканың ЖОО-да 85-тен астам ұлт өкілдері оқыды. Оқитын қазақтардың үлес салмағы 80,8%, орыстардың - 12,5%, өзбектер, украиндар, татарлардың 0,7-1,5 % шегінде, өзге ұлттар - 3,5% құрады.

Қаралып отырған оқу жылында оқытуға және дайындауға 120 408 студент қабылданды, бұл 2011/2012 оқу жылына қарағанда 76 820 адамға кем. Себебі, техникалық және кәсіптік білім беру (ары қарай ТКББ) оқу орындарын бітіруші түлектерге кешенді тестілеу енгізілген. ТКББ оқу орындарын бітірген түлектердің көбісі ЖОО үшін қажетті шекті деңгейді жинай алмаған.

2012/2013 оқу жылын бітіретін білікті мамандар 171 609 адамды құрады, бұл 2011/2012 оқу жылымен (160 934 адам) салыстырғанда 6,6%-ға артық.   

Бакалаврлардың саны 539 790 адамды, жоғары арнайы білім алып жатқандардың саны 30 439 адамды құрайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе