Алматыда үш мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

– Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті, деп тілшісі.

Кездесу әдетегідей «еркін микрофон» қағидатымен өтті. Бұл - аудан тұрғындарымен екінші рет жүздесу циклы, мұнда шағымдар тыңдалады және тиісті шешімдер қабылданады. Бұған дейін, қала басшысы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу, М.Әуезов аудандарының тұрғындармын кездескен. Медеу ауданындағы кездесуге шамамен 450 адам жиналды. Бірінші кездесуге 300-ден аса адам қатысып, 80-ге жуық мәселе бойынша сұрақ қойған еді. Олардың қалай шешілгені туралы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов баяндады. Абаттандыру мен жарықтандыру оң шешімін табуда. Мысалы, биыл жылы 19 көшедегі сыртқы жарық желісінің құрылысы аяқталды, 1 084 шам орнатылды. Келер жылы Медеу ауданында қалған 268 көше жарықтанады, 6 200 шам орнатылады, сонымен қатар 27 аулаға 500 жарық нүктесі қойылады. Биылғы жылы 82 аула абаттандырылды, келер жылы 41 аулаға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оспанов, Жамақаев, Сарыбай, Чаплин көшелерін су басып қалу мәселесін шешу үшін Орталық музей маңынан ұзындығы 5,1 км болатын арық желісінің құрылысы аяқталды. 16 көше бойынша ұзындығы 22 км болатын арық желілерін тарту жобасы әзірленуде. Сонымен қатар, Кіші Алматы өзенінің жағалауын Шақшақ Жәнібек көшесінен Гоголь көшесіне дейін абаттандыру жоспарланған. Жиі қойылатын сұрақтардың бірі - Тасты қырат, Мұзтау, Көлсай, Сұлусай, Кеңсай елді мекендері мен Аққайың ықшамауданын сумен қамтамасыз ету. Тасты қырат елді мекенін сумен қамтамасыз ету жүйесін салу келер жылдың көктеміне жоспарланған. Көлсай ықшамауданында да сумен қамтамасыз ету жүйесін салу көктемде басталады. Мұзтау (Бутаков) елді мекені бойынша да сумен қамту және суды бөлу жүйесін салу жобасы жасалған және 2020-2021 жылдары жүзеге асады. Бұл мәселелер Сұлусай, Кеңсай ықшамаудандарында да шешіледі. Барлық жобаларды іске асыру барысында шамамен 7 мың тұрғыны бар 2 500 үй ауыз сумен және кәріз желілерімен қамтамасыз етіледі. «Думан» ықшамауданындағы 57 көшенің инженерлік желілерінің құрылысы аяқталып қалды. Мұнда көшелер күрделі жөндеуден өткізіледі және абаттандырылады. Биыл ұзындығы 78 км болатын газ құбырын (42 бау-бақша қауымдастығы, 2 МЖД, Мұзтау, Алатау ықшамаудандары және Широкая щель, Кеңсай, Тасты қырат елді мекендері) салу аяқталды, ол 2 мыңнан астам үйді қамтитын болады. Оқушы орнының тапшылығын жою үшін «Думан» ықшамауданындағы №172 мектеп жанынан 850 орынды қосалқы нысан салынып жатыр. Сондай-ақ «Самал-3» ықшамауданында 800 орынды мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Орманов көшесі бойында жеке инвестиция есебінен 540 орынды әмбебап мектептің құрылысы жалғасуда. Кездесу барысында абаттандыру, инженерлік желілерді жөндеу, көпбалалы отбасыларды қолдау туралы сұрақтар қойылды. Әр өтінішке жауап берілді. Аудан тұрғыны, қоғамдық белсенді Б.Шералиева көпбалалы әйелдерге қолдау көрсету керектігін айтты, ол өз үйінде панасыз қалған аналарға баспана ұйымдастырған. Мұндай бастаманы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қолдады, мұндай тәжірибені белсенді азаматтар арасында тарату керек деп атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе