ШЫҰ мүше-мемлекеттердің ғылым және техника салаларындағы министрліктері мен ведомстволары басшыларының келесі кеңесі Бішкекте өтеді

АСТАНА. 11 Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің ғылым және техника салаларындағы министрліктері мен ведомстволары басшыларының келесі кеңесі Бішкекте өтеді. Бұл туралы бүгін аталған кеңестің елордада өткен 2-ші жиыны барысында мәлім болды.

Кеңеске төрағалық жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ШЫҰ мүше-мемлекеттердің ғылым және техника салаларындағы министрліктері мен ведомстволары басшыларының келесі жиынын Қырғызстан Астанасы Бішкекте өткізу туралы ұсыныс болғанын жеткізіп, қатысушылар оны дауысқа салды. «Ғылым және техника салаларындағы министрліктер мен ведомстволар басшыларының 3-ші кеңесі Қырғыз Республикасында өткізілетін болды», - деп жария етті А.Сәрінжіпов дауыс беру қорытындысынан кейін.

Сондай-ақ осы кеңес барысында ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Үкіметтері арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтық туралы келісімнің жобасы мақұлданды. Аталған құжат 13 қыркүйек күні Бішкекте ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер басшыларының 13-ші кеңесінде қол қоюға ұсынылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе