Жер ресурстарын басқару агенттігі мен ҚазҰАУ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

АЛМАТЫ. 15 Жер қатынастары саласын  кадрмен қамтамасыз ету саласында қордаланған мәселе көп.Бұл туралы бүгін Алматыда  ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров пен ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есболовтың  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінде айтылды.

«Қазіргі таңда жер қатынастары саласында кадрлар тапшы. Оқу орнын бітірген соң мамандардың көбі экономиканың өзге секторларына  ауысып кетеді. Сол себепті мамандар тапшылығы жойылмай отыр», - деді Қ. Отаров. Қадырхан Махмұтұлының айтуынша, бірлесіп жұмыс істейтін уақыт келді. Бұл мәселе енді агенттіктің басты назарында болады. Жалпы бүгінгі таңда жер қатынастары  саласындағы мамандардың 70 пайызға жуығы Қазақтың ұлттық аграрлық университетінің түлектері. Сол себепті 3 жылдық бұл меморандум аясында кадр тапшлығын жою мақсатында арнайы  бағдарламалар әзірленбек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе