Қазақстанға 10 мыңнан астам жол құрылысы саласының инженері қажет

Қазақстанға 10 мыңнан астам жол құрылысы саласының инженері қажет. Бұл туралы бүгін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысы алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша автомобиль жолы құрылысында ғана 200 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Олардың ішінде 10 мыңнан астам инженер мамандықтары да бар. Бұл аз емес. Сондықтан да біздер өзімізге қажетті мамандықтар бойынша білім алып келген «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа қабылдаймыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, ҮИИДМБ  екінші бесжылдығы және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру асында елімізге батыстың сапалы білімін алған мамандар көп қажет. Жалпы, бірінші вице-министрдің сөзіне қарағанда, «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылған 20 жылдың ішінде 2800-ге жуық қазақстандық шетелде техникалық мамандық бойынша білім алды.

«Біздің министрліктің орталық аппаратында «Болашақ» бағдарламасының 28 түлегі жұмыс істейді. Олардың 8 лауазымды қызметте. Яғни, бұл бағдарлама Қазақстанда жұмыс істеу үшін зор мүмкіндіктер береді. Қазіргі уақытта біздерге «Нұрлы жол» жобаларын және Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру үшін 10 мыңнан астам маман қажет», - деді Ж.Қасымбек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе