«Мектепке жол»: БҚО-да он күнде 1531 балаға 7914,4 мың теңгенің көмегі көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» республикалық шарасының бірінші онкүндігінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылардың 1531 баласына 7914,4 мың теңгенің көмегі көрсетілді.ҚР Орталық коммуникациялар қызметі БҚО филиалында өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың мәлім еткеніндей, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 1134 балаға 4364,5 мың теңгенің қаржылай және материалдық жәрдемі берілді. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіліп отырған шара, әсіресе, Ақжайық, Қазталов, Сырым аудандарында ұйымшылдықпен басталды.

Алдағы жаңа оқу жылында облыстағы 387 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектепте 93 мыңнан астам оқушы білім алмақшы. Соның ішінде 1-сыныпқа 11467 шәкірт қабылданғалы отырса, осының 9572-сі - алты, 1695-і - жеті жастағылар.

Биыл жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алу үшін 775,0 млн. теңге бөлінді. Облыс бойынша 779 483 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерге, оқулықтарға тапсырыс берілді. Қазіргі таңда оқулықтардың 94 пайызы баспалардан алынса, 80 пайызы мектептерге жеткізілді. Оқулықтарды тасымалдау 25 тамызға дейін аяқталады.

Өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 10 білім нысанын (9-ы - мектеп, біреуі - балабақша) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса жергілікті бюджет есебінен 1, шетелдік инвестиция есебінен 2 мектеп күрделі жөнделуде.

Еске сала кетейік, «Мектепке жол» шарасы аясында облыста  сегіз жыл ішінде 117647 балаға 534,158 млн. теңге материалдық көмек көрсетілген болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе