Қазақстан IMD әлемдік дарындар рейтингінде 32-орынға тұрақтады

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Швейцария, Лозанна) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіне қатысқан әлемнің 60 елінің жыл сайынғы «Әлемдік дарындар есебі - 2014» (IMD World Talent Report 2014) нәтижелерін жариялады.Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаңа рейтинг елдердің қызмет жасайтын компаниялар үшін дарындарды дамыту, тарту және ұстап қалу қабілетін бағалайды. Рейтинг 20 көрсеткішке негізделген, олардың арасында статистикалық та, сауалнамалық та мәліметтер  бар.

Рейтингте ең үздік елдер ретінде Швейцария (1-орын), Дания (2), Германия (3), Финляндия (4) және Малайзия (5) танылған. Одан кейін Ирландия, Нидерланды, Канада, Швеция және Норвегия орналасқан. Тізімнің соңында Оңтүстік Африка (56), Перу (57), Хорватия (58), Венесуэла (59) және Болгария (60) тұр.

Қазақстан үш құрама факторда орташа деңгейде (32 орын) орналасқан. Атап айқанда, «Инвестициялар және даму» факторы бойынша 30-шы, «Тартымдылық» - 39-шы және «Дайындық» факторында 32-ші орында тұр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе