Астаналық оқушылар мектепке автобуспен жеткізілетін болады

Елордалық оқушылар жақын арада өздері оқитын мектепке автобус арқылы жеткізіле бастайды. Астана әкімдігі балалардың білім ордаларына тасымалдануы бойынша жаңа модельді іске қосқалы отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов осылай деп мәлім етті.

«Біз мектепке балаларды тасымалдау бойынша жаңа модель ойластырдық. Бүгінгі күнге дейін 14 мектеп қамтылды. Білім басқармасымен және мектеп директорларымен бұл мәселені талқыладық. Мектептер қазіргі уақытта қаладағы жол жүйесіне қатты әсер ететінін атап өту керек. Оқу жылы басталғанда-ақ қалада кептеліс күшейе түседі. Әсіресе, мектеп маңдарындағы көлік қозғалысы қиындайды. Балалар өте көп екенін білеміз. Жолдағы бұл мәселені шешу үшін біз коммерциялық модель ойластырдық», - дейді басқарма басшысы.

Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, ЭКСПО көрмесі аясында әкелінген автобустар осы мақсатта қолданылуы мүмкін.

«Қазіргі күннің өзінде бірнеше мектепті қамтитындай автобустар құрамы бар. Бұл үшін ата-аналарға анкета толтыртып, белгілі бір сома үшін балаларды білім ордаларына жеткізу бойынша келісіп жатырмыз. Керекті материалдар жиналғаннан кейін біз белгілі бір бағдарларды іске қоса аламыз. Меніңше, бұл өте ыңғайлы», - дейді ол.

Сонымен бірге, басқарма басшысы ата-ана мектепке дейінгі тасымалға белгілі бір сома төлеу арқылы баласының қауіпсіздікте болатынына көз жеткізе алады.

«Мектеп автобусының ішінде валидация қызметі және нұсқаушы болады. Біріншіден, біз әке-шешелерді уайымнан арылтамыз дегенойдамыз. Баланы мектепке апару, қайтадан әкелу біле білсек, айтарлықтай уақытпен шығынды талап етеді. Сондықтан, бұл пилоттық жобаны жақын арада іске қосамыз. Сәйкесінше, ары қарай дамытамыз. Ең бастысы біз балалардың ата-аналары қаншалықты бұл қызметке мүдделі екенін біліп алғымыз келеді», - деп түйді басқарма басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе