Финляндияның даму тәжірибесі және білім беру сапасын зерттеу Қазақстан үшін маңызды - Б. Жұмағұлов

АСТАНА. 4 Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Финляндияның Еуропалық одақ істері жөніндегі және сыртқы сауда министрі Александер Стубб мырзамен және Финляндияның экономика саласындағы 55 компаниясының, университеттері мен колледждерінің өкілдерімен кездесті.Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде жоғары, техникалық және кәсіби білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту және нығайту мәселелері талқыланды. Іскерлік делегация өкілдерімен «оқу және дамуға маманданған жаңа буынды білім беру сараптамалық ұйымдастыру» сияқты олар маманданған компаниялардың, білім беру сапасы саласында табысты қызмет атқаратын және аймақтық дамуға үлес қосқан Яваскуле қаласындағы қолданбалы ғылымдар университетінің жұмыстары көрсетілді.

ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов Финляндияның жоғары технологиялары, білім беру сапасы және дамыған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белгілі ел екендігіне баса назар аудара отырып, Финляндия Республикасының даму тәжірибесін және білім беру сапасын зерттеудің Қазақстан үшін маңызды екендігін айтты. Министрлер кездесуінің нәтижесі бойынша екі елдің білім беру ұйымдарының арасында ынтымақтастықты орнату туралы бітімге келіп, табысты ынтымақтастыққа қол жеткізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе