Алматыда оқушылар арасында республикалық ғылыми жарыс байқауы басталды

АЛМАТЫ. 21 Бүгін Алматыда «Алатау» демалыс орнында  ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары басталды.Шараның мақсаты ғылым мен білімді кіріктіру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру болып табылады.

Білім сайысына еліміздің әр аймағынан 500-ге жуық оқушы қатысуда. Яғни байқауға дәл осынша жас зерттеушілердің ғылыми жобалары қатысатын болады.

Оқушылар «Қазақстан - 2030» стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбының төрт бағыты  бойынша:  «Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта - Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»  сынға түседі.  Оқушылар жарысына ғылыми жетекшілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жүзеге асыратын болады.

Байқау жеңімпаздары 24 ақпан күні белгілі болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе