Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бойынша туризм факультеттерін ашуды ұсынды

- Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарға жеткілікті деңгейде қолдау көрсету мәселесін көтерді, деп .

«Туризм жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағытында келешегі зор салаға айналады. Біздің елімізде экологиялық, спорттық-сауықтыру және экстремалды туризм салаларын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Туризм саласы бойынша білікті мамандардың жетіспеушілігін ескере отырып, еліміздің жоғары оқу орындарында туризм және қонақүй бизнесі факультеттерін кеңінен ашу қажет», - деді Қ. Тоқаев Парламент Сенатында жастар мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысында.

Сонымен қатар ол ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін нығайту - маңызы айрықша міндеттердің қатарында екенін атап өтті.

«Дүниежүзіне әйгілі IT-компанияларда үлкен жетістіктерге жеткен отандастарымыз да бар. Осындай болашағы зор жас мамандар ел игілігі үшін, экономикамызды дамыту жолында қызмет етуі қажет. Әрине, ең алдымен, біз оларға қажетті жағдай жасауға тиіспіз. Дарынды жастарға жеткілікті деңгейде қолдау көрсетпей, «алдыңғы қатарлы зияткер мемлекет» қатарына қосылу қиын екенін мойындауымыз керек», - деді Сенат төрағасы.

Оның пайымынша, жастарды парламенттің және жергілікті өкілетті органдардың жұмысына кеңінен тарту қажет.

«Біз өздерінің азаматтық көзқарасын белсенді түрде білдіре алатын және оны табандылықпен қорғайтын жаңа буын өкілдеріне қолдау көрсетуіміз керек.  Алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, өзін-өзі дамытуға талпынған жастарға шынайы қолдау қажет. Қазақстандық жастар өз болашақтарына сеніммен қарауы тиіс, олар үшін Қазақстан мемлекеттік басқарудан бастап ғылым мен шығармашылыққа дейін сан алуан салаларда табысқа жетуге мол мүмкіндіктер беретін ел болуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе