Қазақстандық студенттер «МИФИ-2012» ғылыми сессиясына қатысып қайтты

АСТАНА. 10 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің магистранттары мен студенттері Ресей Федерациясы Ұлттық ядролық зерттеу университетінің «МИФИ-2012» сессиясына қатысып қайтты.Олар сессия аясында өткен «Ядролық энергетика және оны таратпау: заман талабына жауап» атты І Халықаралық семинарға қатысып, осы тақырыпға арналған ғылыми жұмыстарын таныстырды. Семинарға қатысқан ғалымдар қазақстандық жастардың ғылыми еңбектеріне жоғары баға беріп, арнайы дипломдармен марапаттады.

Айта кеткен жөн,  Мәскеудің Ұлттық ядролық зерттеу университетінде өткен «МИФИ-2012» ғылыми сессиясына Қазақстанның атынан төрт-ақ студент қатысуға мүмкіндік алды. Олардың үшеуі - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті «Техникалық физика» мамандығының магистранттары мен студенттері  Сымбат Қожаханов, Ильдар Дербішев және Санжар Қынашев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе