Аршалы ауданында екі бірдей әлеуметтік нысан пайдалануға берілді - Ақмола облысы

Ақмола облысы Аршалы ауданының Қостомар ауылында екі бірдей әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Білім күні 120 оқушыға арналған қазақ мектебі есігін айқара ашты. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 332,6 миллион теңге бөлінген.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Нұрлан Нүркенов жаңа мектепті көптен күткен ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар қауымын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, қазіргі заманға сай салынған білім ордасының еліміздің білімді ұрпағынын тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап өтті.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер «ОРДА-Строй» ЖШС-нің атына да жылы сөздер айтылды.

Сонымен қатар,  осы ауылда жаңа фельдшерлік акушерлік пункті де есігін айқара ашты. Бұл нысан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен бөлінген 77,8 миллион теңге қаржыға тұрғызылды.  Құрылыс жұмыстарын «Қанат» ЖШС-і қолға алды. Медициналық мекеменің ашылуы ауылда қосымша 5 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе