Жастарымызға теріс ықпал етіп, тұрақтылық пен тыныштықты бұзатын әрекеттердің алдын алуымыз қажет - М. Сарыбеков

АСТАНА. 24 Жастарымызға теріс ықпал етіп, тұрақтылық пен тыныштықты бұзатын әрекеттердің алдын алуымыз қажет.Бүгін Астанада  «Бірлік.кz» республикалық жастар форумы барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков осылай атап көрсетті. 

Оның сөзінше, Қазақстан үшін лаңкестік ауылы алыс болып көрінгенімен, оның қазір ықтималды қауіп екендігін естен шығармаған жөн.

«Лаңкестікке қарсы тұру еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі болып табылады. Біз зорлық-зомбылықтың қандай түріне болмасын сіздермен бірге қарсы тұруымыз керек», - деді вице-министр жастарға қаратып айтқан сөзінде.

Оның атап өтуінше, Қазақстан терроризмге қарсы күрес туралы 13 халықаралық конвенцияға қосылып, қол қойды.

«Біз әртүрлі жат діни ағымдармен лаңкестік көріністерге қарсы күш біріктіре алдық. Біздің бүгінгі форум да сол бағытта ұйымдастырылып отыр», - деді М. Сарыбеков.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе