Астанада «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

Астанада бүгін «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығында «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлады  Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі.1 қыркүйек - мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер үшін толғанысқа толы ерекше мереке. Мемлекеттік тілді дамыту қоры биыл осы мерекеге ортақтасып, «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығының 25 тәрбиеленушісіне көмек көрсетті.

Болашақ оқушылар ата-аналарымен бірге мерекелік іс шара ұйымдастырды. Қор директоры А. Шәуеев өзінің құттықтау сөзінде оларға өмір жолының жаңа белесінде жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, жаңа бастамаларда сәттілік және оқуға деген қызығушылықтарының арта беруін тіледі.

Іс-шарада оқушыларға қажетті оқу құралдарымен толық жабдықталған сөмкелер сыйға тартылды. Сонымен қатар қор әр балаға қазақ тіліндегі балаларға арналған әдеби кітаптар мен ертегілерді сыйға тартты. Мереке соңында ұйымдастырушылар бүлдіршіндерге ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің білікті азаматы болып өсе берулеріне тілектестігін білдірді.

Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі - «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе