Алматыда өтіп жатқан әл-Фараби олимпиадасына 16 мыңнан аса талапкер қатысуда

АЛМАТЫ. 8 /Нәзира Елеухан/ - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «әл-Фараби олимпиадасының» І туры өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, олимпиада ақпанның 6-ы күні басталды. Дарындыларды айқындау және оларға қолдау көрсету, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту   мақсатында өткізілетін жыл сайынғы білім бәйгесіне биыл 16 000-нан аса талапкер тіркеліп, қатысуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт мыңға көп.  Талап бойынша олар өз білімдерін ғаламтор арқылы   қашықтықтан  онлайн сынақ түрінде тапсыруда. Ал ғаламторға қолжетімсіздер үшін ҚазҰУ-нің жастар интернет орталығы жеңілдік жасады. Алматы қаласы мен облыстан келген оқушылар сынақты сол орталықта тапсыруда.  І турда олимпиада қатысушылары әр пәннен 30 сұрақ бойынша тест  тапсырады. Оның қорытындылары бойынша жеңімпаз атанған талапкерлер ІІ турға жолдама алады.

  Екінші тур ақпанның 21-23 аралығында өтеді деп жоспарлануда. Оның жеңімпаздары ҚазҰУ-дің грант иегері атанатын болады. Дәстүрлі олимпиада талапкерлер үшін білімдерін сынауға, ең бастысы еліміздің ең беделді университеті  ҚазҰУ-дің студенті атануға бір табан жақындауға мүмкіндік беріп келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе