Жол саласы бойынша білім алып жатқан студенттер жаз кезінде жұмыспен қамтылмақ

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК отандық салалық ЖОО-лар студенттерін тағылымдамаға қабылдайды, деп тілшісі.

Бүгін аталған орталық басшылығы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының 2-4 курс студенттерімен онлайн кездесіп, жол мамандығының артықшылықтары туралы сөз қозғады. «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев озық ойлы, бәсекеге қабілетті мамандар елімізге өте қажет деп әрқашан айтып жүреді. Біздің орталық та бұл бағыттағы жұмыстарды бастап кетті. Жол активтері ұлттық сапа орталығы жыл басында мектептерге жол мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында «1000 мектеп» акциясын бастаған болатын. Орталық мамандары осы уақытқа дейін еліміздің әрбір өңіріндегі мектептерге барып, жол мамандығына бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Еліміздегі төтенше жағдайға орай барлық оқу қашықтан жүргізілуіне байланысты, филиалдар студенттермен тікелей байланысқа шығып, онлайн дәріс беріп жатыр», - деді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағынов. Оның сөзіне қарағанда, Алматы қаласы мен Қостанай облыстары жақында байланысқа шықты. Қазақстанның оқу-орындарындағы автомобиль жолдарына қатысты мамандық иелерімен онлайн семинар өткізу жоспарланып отыр. «Бүгін сол іс-шаралардың жалғасы ретінде Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының 2-4 курс студенттерімен онлайн кездесіп, жол мамандығының артықшылықтары туралы сөз қозғадық. Мемлекетте жолдарды салу және дамыту бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыстардағы жолдарды салу жобалары және тапшылық туғызатын мамандықтар төңірегінде талқыладық. Сонымен қатар жол мамандығының ерекшеліктері, қайда жұмысқа тұруға болатыны туралы, төленетін еңбекақы жайында да әңгімелестік», - деді З. Сағынов. Оның атап өтуінше, жазғы демалыс кезінде Жол активтері ұлттық сапа орталығы әрбір облыстан 3-4 студентті тәжірибеден өтуге шақыртады. «Бұл бір жағынан студенттерге үлкен тәжірибе болмақ, себебі ол алдағы уақытта жастардың маман болып қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Екінші жағынан, істеген жұмысына қарай еңбекақы да алады. Студенттер де ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алды деп ойлаймын. Осы кездесуді ұйымдастыруға атсалысқан институт ұжымына, басшылығына алғыс айтамын. Енді студенттер мен оқушылар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын осылай онлайн түрде өткізуді әрі қарай жалғастыратын боламыз», - деді компания басшысы. Айта кетейік, бүгінгі талқылауға 100-ге тарта студент қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе