Маңғыстауда мұнай мамандығы бойынша тұңғыш оқу-әдістемелік кешеннің жұмысы жүріп жатыр

АҚТАУ. Желтоқсанның 3/Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстауда республика бойынша тұңғыш оқу-әдістемелік кешеннің жұмысы жүріп жатыр,деп тілшісі. 

Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мұнай және газ өнеркәсібі мамандарының сапасын арттыру үшін зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды жетілдіруге нақты көңіл бөлуді атап көрсеткен-ді.

Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бағытында Маңғыстау облысының әкiмi Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті Қамқорлық кеңесінің шешімі бойынша студенттерге зертханалық дәрістерді, өндірістік және дипломалды тәжірибелерді жүргізу үшін мұнай-газ институтында ашық аспан астындағы, республикамыздағы тұңғыш оқу-әдістемелік кешеннің жұмысы жүріп жатыр.

 Бұл жұмыстың қалыптасуына және ілгері жүруіне Маңғыстау облысындағы мұнай-газ саласының көрнекті «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Қарақұдықмұнай», «Қазтрансойл», «Каспий аймақтық машина құрастыру кешені» және «МұнайГазҚұрылыс» мекемелері өз үлестерін қосуда.

Аталмыш мекемелердің көмегімен, оқу-әдістемелік кешенде әртүрлі әдіспен көмірсутекті өндіретін алты ұңғы қазылды және оларға орналастыратын құрал-жабдықтар әкелінді.

Олар: тербелмелі станок, тереңнен ортадан тепкіш сорғы, фонтан, газлифт арматуралары, винтті сорғы, жер астына сұйық айдайтын жабдықтар. Жасалған жоба бойынша топтық қондырғы, сұйық жинайтын технологиялық жабдықтар, суды бөліп реттейтін батареялар, өндірілген сұйықтарды тасымалдайтын сорғылар тиісті орындарда орналасқан.

Оқу-әдістемелік кешенде қазылған және жабдықтармен қамтамасыз етілген ұңғыларда зертханалық, сонымен қатар өндіріс мамандарының кәсіптілігін жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда: топырақ тығындарын қазу, қазу колоннасын жоғары көтеру және төмен түсіру операциясы, күрделі жөндеу кезінде ұңғыдан өнім өндіруді тоқтату, ұңғы түбін тұзды-қышқылды сұйықпен өңдеу, мұнай бергіштікті арттыру үшін өнімді аз беретін ұңғы түбіндегі кен жыныстарды жару, өнім беретін кен-жыныстардың жұмыс жасау қабілеттілігін арттыру үшін сұйық пен топырақты араластырып жоғарғы жылдамдықпен перфорациялау, ұңғыны игеру, күрделі жөндеу кезінде ұңғыны цементпен шегендеу әдістері, тербелмелі станоктың жұмыс жасау режимін өзгерту және оны қадағалау, тереңнен ортадан тепкіш ұңғыдағы сорғының жұмысын тексеретін электронды жүйенің жұмысымен танысып және оны үйрену, ұңғыдан мұнай өндіретін винтті сорғының жұмыс жасауын қадағалау және реттеу, фонтанды ұңғының жұмыс жасау қабілеттілігін анықтап оны іске қосу және игеру, газлифті әдісімен өнім өндіретін ұңғыны іске қосу және оның тиімді режимін анықтау, мұнай қабатқа су айдайтын ұңғының жұмысын қадағалау және жер астына айдалып жатқан судың мөлшерін анықтап өзгертіп отыру.

Жоғарыдағы аталып көрсетілген ұңғылардағы жұмыстарды студенттер А-38 деп аталатын КРАЗ автокөлігіне орналасқан күрделі және жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізетін арнайы агрегатпен іске асырады.

Оқу-әдістемелік кешенде дипломалды тәжірибе кезінде студенттер өздерінің дипломалды жобасының тақырыптары бойынша тиісті гидродинамикалық зерттеулер жүргізеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе