Спорт академиясы Горельник базасын студенттерге қайтаруды сұрады

Қазақ спорт және туризм академиясында жазғы Универсиада ойындарының аяқталу салтанатына байланысты жиын өтті, деп тілшісі.Оқу орнының ректоры жиын барысында студенттік спорт болашағын тілге тиек етті.

Қайрат Закирьянов елімізде студенттік спорт базасының жеткіліксіздігін айтты.

«Өтен жазғы Универсиада ойындарында бірінші орынды Жапония иеленді. Бұл елде жастар спорты белсенді дамып келеді. Онда биік тау жоқ болса да, бірнеше орталық салынған. Құны 150 млн доллар болатын орталықтарда болдым. Ерекшелігі таусыз жерде жасанды орташа таулы климат жасауға болады. Спортшылар дайындалып жатқан кезде тетікті басып қалады. Сонда барлық кешен орташа таулы ортаға айналады. Бізде Алматы түбінде Қаймар мен Горельник деген базалар бар. Теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте. Горельник базасы 1987 жылы Министрлер кеңесімен Дене шынықтыру институтына берілген болатын. Түрлі алаяқтық әрекеттердің кесірінен ғимаратты 5-6 жылдай уыстан шығарып алдық. Кейін бас прокуратураның көмегімен мемлекетке қайтардық. Енді оны бізге жалға беріп отыр. Бар жоғы 5 жылға. Осы уақыт аралығында не істеуге болады? Ұзақ мерзімге инвестор тартып, ешқандай құрылыс сала алмаймыз. Министрлікте орташа тау деңгейінде дайындалуға мүмкіндік беретін студенттер базасы жоқ. Мен қала әкімі Бауыржан Байбек бізге Горельник базасын 49 жылға жалға береді деп үміттенемін», - деді Қ.Закирьянов.

Оның айтуынша, студенттік спорттың бағын ашу үшін  ҚР Студенттік спорт федерациясының құрамы өзгерген.

«Енді Федерация заңды тұлғалардың бірлестігі ретінде тіркелген. ҰОК-та басқа да ұлттық федерациялар осылай тіркелген. Университет клубтары оған мүше бола алады. Осылайша біз түгел Қазақстандағы оқу орындарының спортын біріктіреміз. Бұл формада студенттік спортты қаржыландыру оңайға түседі. Федерация студенттік спорттың даму тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжатқа Азия федерациясы, FISU қызығушылық білдіріп отыр», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе