Семейлік кәсіпкер өз қаржысына спорт дарындарына арналған интернат салуда

Семейде 200 балаға арналған спорт интернаты салына бастады. Бұл туралы ШҚО Ақпарат орталығы хабарлап отыр, деп жазады www.24.kz.Жаңа нысан №1 спорт мектебінің жанынан бой көтермек. Бұл сауапты шаруаға бел шешіп кірісіп отырған белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Әсемхан Досқожанов. Жалпы аумағы 4700 шаршы метрді алатын интернатта демалыс, оқу, тұрмыстық бөлмелері, жуынуға арналған орындар болады. Бұдан бөлек 100 орындық асхана, медициналық кабинеттер де дарынды балаларға қызмет етпек.

Интернатқа шалғай ауылдан келген талапты балалар қабылданады. Олар облыстық немесе республикалық турнирлердің жеңімпазы болуы тиіс. Мұнда олимпиадалық спорт түрлерінен дайындалатын болады. Балалар спорттық киімдермен, құрал-жабдықтармен, оқу құралдарымен, тегін тамақпен және жарыстардың іссапарлық шығындарымен де толық қамтамасыз етіледі. Интернат 2016 жылдың тамыз айында іске қосылады деп жоспарланған.

Фото: tverigrad.ru
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе